Бүгін: 06.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде оқушылардың күзгі демалыс кезінде уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануын қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 29 қазаны күні 5-6 сынып оқушылары арасында Волейбол және «Халық добы» ойындары бойынша турнирлер ұйымдастырылды.
Спортпен айналысу – өмір сапасын жақсартудың тиімді жолы! Спорт – денсаулық кепілі және тән мен жан саулығы үшін өте пайдалы. Сонымен қатар, физикалық белсенділік адамның түрлі сырқатқа қарсы тұру иммунитетін күшейтеді және жалпы дене шынықтыруды жақсартуға көмектеседі.

121.jpg - 272.22 kB

«Ұлықтау рәсімі»

🌟 Ұлықтау Рәсімі: Жаңа Парламент Президенті Сайланды! 🌟

2024 жылдың 24 қазанында Республика күні қарсаңында мектебімізде ұлықтау рәсімі аталып өтті. Бұл ерекше шарада мектебіміздің жаңа парламент президенті ретінде Нұрұш Айша сайланды!

Айша өзінің креативті идеялары мен көшбасшылық қабілеттерімен бізді алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетелейтіндігіне сенеміз.

Барлық мектеп ұжымын, ұстаздар мен оқушыларды құттықтаймыз! Бірге жетістікке жетейік!

120.jpg - 472.89 kB

 

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде 2024 жылдың 24 қазаны күні «Республика күніне» орай ата-аналар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Әкелер кеңесі» мүшелерінің қатысуымен волейболдан турнир өткізілді.
Қызықты да тартысты өткен спорт додасында Қозыбақов Жалғас «Үздік қорғаушы», Жетпісбаева Гүлдана «Үздік доп ұзатушы», Сламия Мұхтар «Үздік шабуылшы», ал Айнабеков Ерғазы турнирдің «Үздік ойыншы» атанса, «№48 Мектеп» және «Намыс» командалары жүлделі ІІІ орынмен, «Астана» командасы жеңіске бір қадам жетпей ІІ орынмен марапатталды, үздік ойынымен танылған «Сұңқар» командасы жеңімпаз атанып, І орынды иеленді.
Іс-шараға атсалысқан барша ата-аналарымызға алғыс білдіреміз.

117.jpg - 124.29 kB  118.jpg - 180.6 kB

 

«Ұлықтау рәсімі»

23 қазан күні М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында Астана қалалық білім беру ұйымдарының мектпешілік және студенттік Парламент Президенттерін ұлықтау рәсімі болып өтті. Бұл шара барлық білім беру ұйымдарының көшбасшылары үшін жастардың бойында, азаматтықты және патриотизмді дәріптейтін айтулы тарихи оқиға.

Аталмыш рәсімге мектебіміздің жаңа көшбасшысы, 9 «Д» сынып оқушысы Нұрұш Айша да қатысты. Іс-шара барысында көшбасшылар алға қойған мақсаттарына табандылықпын жетуге, елінің нағыз патриоты болуға, әр түрлі іс-шараларда белсенділік танытуға салтанатты түрде ант берді

Мектебіміздің Парламент Президенті Нұрұш Айшаға алдағы бастамаларына үлкен сәттілік тілейміз.

119.jpg - 198.92 kB

 

«Әкем,анам және мен-мектепте белсенді отбасы»

Мектебімізде 1 ші сынып оқушылары және ата-аналары арасында «Әкем,анам және мен-мектепте белсенді отбасы» атты отбасылық эстафетаны өткізді.
Бұл шараның мақсаты - өскелең, ұрпақты салауатты өмір салтына баулу. Оқушылар мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту.

134.jpg - 128.07 kB