Бүгін: 25.10.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Халықаралық «INFOMATRIX-ASIA 2023» компьютерлік жобалар байқауына мектебіміздің 8 «б» сынып оқушысы Смаилова Альбина жоғары деңгейдегі жоба дайындап, қатысқаны үшін сертификат иеленді. Ғылыми жетекшісі Айнұр Секенқызы. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «INFOMATRIX-ASIA» халықаралық байқауына 4 мемлекеттен 184 жобамен 450 оқушы қатысты. Жарыс ағылшын тілінде жүргізілді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

8-11 сыныпқа арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша 6 оқушы жүлдегер атанды.

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен  «Пәннің үздік мұғалімі» пән педагогтеріне арналған қалалық олимпиада өткізілді.  Олимпиада қортындысында  2 мұғалім - ІІ дәрежелі  Диломмен,  музыка пәні мұғалімі Амирова Г, информатика пәні мұғалімі Умирзаков Н  және  4 мұғалім- ІІІ дәрежелі Дипломмен, орыс тілі пәні мұғалімі Тажбаев Р, биология пәні мұғалімі Тохсан Д, география пәні мұғалімі Нурумова Г, физика пәні Туртаева Н марапатталды. Өз пәнінің шебер, майталман педагогтерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!