Бүгін: 25.10.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

«64» шаршылы дойбыдан ерлер, әйелдер, жастар және юниорлар арасында Астана қаласының чемпионаты болып өтті. 8-9 сәуір күндері «64» шаршылы дойбыдан ерлер, әйелдер, жастар және юниорлар арасында Астана қаласының чемпионаты болып өтті. Аталған жарыс №89 мектеп-лицейде жоғарғы деңгейде өтті.

Шахмат – зейінді, интеллект пен логикалық ойлауды дамытатын балалар мен ересектерге арналған танымал спорт түрі.

Шахмат – оқушылардың зейін, сыни тұрғысынан және логикалық   ойлау, шешім қабылдау,  стратегиялық жоспарлау, шығармашылық талдау, қабылдау және бағалау сияқты ақыл-ой қабілеттерін дамытатын ойын.

Сәуірдің 7-жұлдызы күні 1"б" сынып оқушыларымен А.Байтұрсынұлы музейінде "Сөз зергері-Ахмет" атты тағылым сабағы өтті.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы   №48 мектеп-лицейде,  сәуірдің 13 жұлдызы күні мектеп музейінде  4 сынып оқушылар арасында  "Ахмет оқулары" атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Оқу сайысының мақсаты  халықтың  жүрегінен орын алған  қоғам қайраткері,  ғалым, ұлы ұстаз, асыл тұлға- Ахмет Байтұрсынұлының тарихтағы баға жетпес  орнын  паш ету,  насихаттау, ақынның  өлеңдерін  мәнерлеп оқуға үйрету.

Астана қаласының №86 мектеп-гимназиясы базасында 2023 жылдың 24 наурыз күні 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың «Зерде» ұлттық конкурсы республикалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы  №48 мектеп-лицейдің 3  «Б» сынып оқушысы Фазылхан Ахан Зеилханұлы  «Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының бастауыш сынып оқулықтарында берілу сипаты» тақырыбында зерттеу жұмысымен қатысып,  республикадан жүлделі І орын иеленді.