Бүгін: 25.10.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Астана қаласындағы жеке клубтар арасында өткен волейбол турнирінде мектебіміздің волейбол командасы тамаша нәтиже көрсетіп ІІІ орынға ие болды.

Ойынның ең үздік ойыншысы 8 "В" сынып оқушысы Жобалай Айсара. Жетекшісі Жетписбаева Гүлдана

Бұл жеңіс - біздің спортшыларымыздың табандылығы мен бірлігінің жемісі. Команда мүшелерін жеңістерімен құттықтай отырып, болашақта да сәттлік тілейміз!! 

WhatsApp-Image-2024-11-18-at-11.10.06-1.jpeg - 172.28 kB    WhatsApp-Image-2024-11-18-at-11.10.06.jpeg - 125.58 kB

 WhatsApp-Image-2024-11-18-at-11.10.07-1.jpeg - 136.34 kB    WhatsApp-Image-2024-11-18-at-11.10.07.jpeg - 144.99 kB

Педагогтерді лауазымға тағайындау

конкурсының  нәтижесі  туралы 

                                              

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының негізінде, 2024 жылғы 18 қарашадағы  бос лауазымдарға  педагогтерді  тағайындау  бойынша конкурстық комиссиясының шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Астана қаласы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейдің» 2024-2025 оқу жылына бос лауазымдық орындарға  орналастыру бойынша конкурс өтті деп есептелсін.
  2. Бағалау парағында көрсетілген ұпайлардың нәтижелері байқау жеңімпазын жұмысқа қабылдауға негіз болып есептелсін.
  3. Төменде көрсетілген үміткер байқаудың жеңімпазы болып есептелсін және жұмысқа қабылдансын:
  • Құсайынов Нұрсайын Құсайынұлы – информатика пәнінің мұғалімі (уақытша бос орын).
  1. Байқаудың нәтижелері мектеп сайтында, Instagram желісінде жариялансын.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру және мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, сонымен қатар шын жүйріктерді анықтау мақсатында 01.11.2024 ж. «Алтын тұғыр» олимпиадасының аудандық кезеңін өткізді.
Олимпиадаға мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері, Серикпаева Динара Сералыевна, Әлдей Ләззат Бекжанқызы қатысты. Серикпаева Динара Сералыевна грамота, Әлдей Ләззат Бекжанқызы ІІ орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Ұстаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз!!!

800.jpg - 111.64 kB