2023 жылдың 20 қазанында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жаратылыстану ғылымдары факультеті мен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетімен бірлескен «KAZCUNET балалар университеттерінің желісін құру» жобасы аясында А. Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде 5 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: білім алушыларды жаратылыстану негіздерімен таныстыру және білімді меңгерудегі танымдық қызығушылықтарын арттыру. Мектебіміздің жас зерттеушілеріне арналған жаратылыстану бағытындағы зерттеу жұмыстарының үлгілері көрсетіліп, тәжірибелер жасалды. Жас ғалымдар қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде, 2023 жылдың 17 қазан күні бастауыш сынып мұғалімдеріне «TopIQ білім беру платформасымен жұмыс істеудің жалпы қағидаларымен танысу» семинары өткізілді.
Мақсаты – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және Президент Қ.К.Тоқаевтың цифрлық оқулықтарға көшу жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде «Алматы кітап» баспасының TopIQ білім беру платформасының электронды оқулықтарының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін, оқу процесін ұйымдастыруда оқушылар, ата-аналар, ұстаздар үшін тиімділігін көрсету.