«Ұлықтау рәсімі»
23 қазан күні М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында Астана қалалық білім беру ұйымдарының мектпешілік және студенттік Парламент Президенттерін ұлықтау рәсімі болып өтті. Бұл шара барлық білім беру ұйымдарының көшбасшылары үшін жастардың бойында, азаматтықты және патриотизмді дәріптейтін айтулы тарихи оқиға.
Аталмыш рәсімге мектебіміздің жаңа көшбасшысы, 9 «Д» сынып оқушысы Нұрұш Айша да қатысты. Іс-шара барысында көшбасшылар алға қойған мақсаттарына табандылықпын жетуге, елінің нағыз патриоты болуға, әр түрлі іс-шараларда белсенділік танытуға салтанатты түрде ант берді
Мектебіміздің Парламент Президенті Нұрұш Айшаға алдағы бастамаларына үлкен сәттілік тілейміз.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 8-сыныптар арасында өткізілді.
🌟 Оқушылар күзгі байқауда өз өнерлерін көрсетіп, ерекше дайындықпен келді. Ән айтылып, би биленіп, шығармашылық қойылымдар ұсынылды.
Іс-шара соңында қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталып, мерекелік көңіл-күйге бөленді. 🎉
Бұл байқау 8-сынып оқушыларының ұйымшылдығын арттырып, таланттарын шыңдауға ықпал етті.


Ағымдағы жылдың 19 қаңтар күні «Қар десанты» еріктілер эстафетасы өтті.
Оқушылар мен ата-аналарға 14-15.11.2022 ж. аралықтарында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
1 – қазан мен 1 – мамыр аралығында құнды кітаптарды бірге оқуға жобасын ұйымдастырды. «Кітап оқу жақсы әдет», «Бір отбасы-бір кітап», «Мектептің үздік оқырманы» номинациясы бойынша жеңімпаздар ата-аналар қамқоршылық кеңесінің атынан жүлдеге ие болады.