Бүгін: 25.10.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

🏫 2025–2026 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҮЙІРМЕЛЕР

Мектеп-лицейімізде оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасалып, түрлі бағыттағы қосымша білім беру бағдарламалары мен үйірмелер жұмыс істейді.
Әрбір оқушы өз қызығушылығы мен бейіміне қарай білімін тереңдетіп, шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамыта алады.


📘 1-сыныптарға арналған академиялық бағыттағы бағдарлама

Қазіргі таңда үш академиялық бағыттағы 1-сынып ашылды: 1 «А», 1 «Ә» және 1 «Б». Әр сыныпта 20 оқушыдан білім алуда.
Бұл сыныптарда оқушыларға тек негізгі пәндер ғана емес, сонымен бірге сингапурлық әдістеме негізінде қосымша сабақтар жүргізіледі.
Аталған бағдарлама баланың:

  • логикалық ойлауын дамытуға,
  • зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға,
  • шығармашылық қабілеттерін шыңдауға,
  • спорттық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Күн тәртібі:

  • 08:50 – 11:35 – Негізгі мектеп бағдарламасы (Әліппе, Математика, Дүниетану, Ана тілі және т.б.)
  • 11:35 – 12:30 – Relax Time (демалыс, ойын, сергіту сәттері)
  • 12:30 – 17:35 – Сингапурлық бағдарлама:
    • Сингапур математикасы
    • Art (бейнелеу өнері, шығармашылық)
    • English (тереңдетілген ағылшын тілі)
    • Science (жаратылыстану тәжірибелері)
    • Робототехника
    • Шахмат
    • Карате
    • Хореография

📌 Бағасы: 60 000 тг / ай


📚 2–11 сыныптарға арналған қосымша білім беру және үйірмелер

Мектебімізде 2–11 сынып оқушыларына арналған түрлі үйірмелер қыркүйек айынан бастап тұрақты түрде жұмыс жасап келеді.
Бұл үйірмелер оқушылардың тілдік қабілетін арттыруға, ғылыми ойлауын дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, спорттық және шығармашылық бағытта шыңдалуына мүмкіндік береді.

🔹 Тілдік бағыт

  • Ағылшын тілі – 16 000 тг (аптасына 2 рет)
  • IELTS дайындық курсы – 25 000 тг (аптасына 2 рет)

🔹 STEM және интеллектуалды бағыт

  • Робототехника – 15 000 тг (аптасына 2 рет)
  • Шахмат – 15 000 тг (аптасына 2 рет)
  • Ұлттық ойындар (Садақ ату, Ләңгі тебу, Асық ату) – 15 000 тг (аптасына 2 рет)

🔹 Спорттық бағыт

  • Карате – 15 000 тг (аптасына 2 рет)
  • Волейбол – 15 000 тг (аптасына 2 рет)
  • Көркем гимнастика – 20 000 тг (аптасына 2 рет)
  • Хореография – 15 000 тг (аптасына 3 рет)
  • Футбол – 15 000 тг (аптасына 2 рет)

🔹 Шығармашылық бағыт

  • Фортепиано – 30 000 тг (аптасына 2 рет)
  • Домбыра – 15 000 тг (аптасына 2 рет)

✅Барлық үйірмелер кәсіби ұстаздармен жүргізіледі.
✅Сабақтар заманауи әдістемелерге негізделіп, оқушылардың шығармашылық, спорттық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға бағытталған.
✅ Үйірмелерге қабылдау 2025–2026 оқу жылы бойы жүргізіледі.