Бүгін: 25.10.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде 2025-2026 оқу жылының басталуына арналған «Мектебім - мейірім мекені!» тақырыбында білім күнінің салтанатты жиыны өткізілді. Іс-шараға ұстаздар қауымымен бірге мектептің Қамқоршылық кеңесі мүшелері, Астана қаласы “Аманат” партиясының белсендісі, журналист, жазушы, Алматы ауданы ардагерлер Кеңесінің медиатобының мүшесі Бұлғақбаева Баян Құрмантайқызы, ата-аналар комитетінің мүшелері, оның ішінде бірінші сынып оқушыларының ата-аналары қатысып, білім мекемесінің қызметкерлері мен білім шыңын бағындыруға жол тартқан балғындарымызға ақ жол тіледі. «Білім күнін» атап өту кезінде балалардың өмір қауіпсіздігі, жоғары сынып оқушыларының мерекені кафе, мейрамханаларда атап өтуіне жол бермеу, ата-аналардан қаржы жинап, мұғалімдерге сыйлықтар алу, түрлі аниматорларды жалдауларының алдын алу көзделді. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында білім мекемесінде кезекшілік ұйымдастырылды. Мемлекеттік туды көтеру және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесіне сәйкес жүргізілді. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балғын шәкірттерімізге «Әліппе» оқулығы салтанатты жағдайда табыс етілді. Ұстаздар қауымына арналып әсем әндер шырқалып, арнау өлеңдер орындалды.

dgffdg3333.pngdfdfg222.pngdsgdfg3.png