Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде жаңа оқу жылының басталуына орай балалардың қауіпсіздігі, білім мен тәрбие алуы, мектептің стратегиялық даму жоспары, білім мекемесінің жарғысы мен ішкі еңбек тәртібін түсіндіру мақсатында 1-11 сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Сонымен қатар білім мекемесі басшылығы оқу жылы кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы мектептің Қамқоршылық кеңес мүшелеріне есеп беріп, болашақта атқарылатын жұмыстарды талқылады.








