Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде “Адал Азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мұғалімдер арасында спорттың Кіші футбол түрінен турнир ұйымдастырылды. Іс-шара барысында, сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі мен Астана қаласы әкімдігінің «№8 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» арасында ынтымақтастық меморандумы бекітіліп, жаңа белестерді бірге бағындыру жұмыстары бастау алды.
Мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты - педагогтар арасындағы өзара ынтымақтастық пен достықты нығайту, ұстаздардың кәсіби еңбегін бағалау және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылды.
Турнирге білім беру ұйымдарында қызмет ететін ер мұғалімдерден құралған 6 команда қатысты. Турнир шеңберлік жүйе (әр команда барлық қарсыластарымен кездеседі) бойынша өткізіліп, ойындар тартысты әрі қызықты ұйымдастырылды. Мұғалімдер өздерінің спорттық шеберлігін, командалық рухын және жоғары ынтымақтастығын көрсетті. Көрермендер қатарында әріптестер, оқушылар және ата-аналар болды. Барлық ойындар әділ төрешілікпен өтті.
Турнир қорытындысы бойынша төмендегідей нәтижелер анықталды:
І орын: Шерхан Мұртаза атындағы №63 мектеп-гимназтясы;
ІІ орын: Темірбек Жүргенов атындағы № 70 мектеп-лицейі;
ІІІ орын: Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі.
Барлық жүлдегерлерге кубок, медаль және дипломдар табысталды.
Футбол турнирі – ұстаздардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, оларды бірлікке, салауатты өмір салтына баулудың нақты үлгісі болды. Осындай шаралар мұғалімдердің кәсіби мерекесіне серпін беріп, ұжымдар арасындағы байланыс пен достықты нығайтатыны анық.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті. Алдағы уақытта мұндай спорттық бастамалар дәстүрлі түрде жалғасын табады деген сенімдеміз.





