Бүгін: 26.10.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің кітапханасында Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Есіңе мені алғайсың» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
Мақсаты: а) білімділік: М.Мақатаев өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру.
ә) тәрбиелік: отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу
б) дамытушылық: оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту

222222223.png

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ✓48 мектеп-лицейінің 5 “Б” сынып оқушылары Жаратылыстану апталығы аясында Сәкен Сейфуллин музейіне экскурсиялық саяхат жасап келді.
Мақсаты: Сәкен Сейфуллин салған дара жолды өз көздерімен көріп-сезініп, отаншылдық патриотизмді бойларына сіңіріп, рухани және мәдени азық алу. Ұйымдастырушы: Иманүсенов Н.А. 

 345345345.png234234234.png

5, 6, 7 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткен «Қамқорлық» акциясының жәрмеңкесінде оқушылар өз қолдарымен әзірлеген түрлі тағам өнімдерін көпшілікке арзан бағада ұсынды. 🥐🍪
Бұл акцияның мақсаты – қамқорлық көрсету, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету, сондай-ақ өзара сыйластықты, қамқорлықты дамыту болды. Өткізілген жәрмеңкеге барлық сыныптар белсене қатысып, жинақталған қаражат қайырымдылыққа жұмсау үшін арнайы қорларға бағытталды. ❤️
Осындай іс-шаралар арқылы оқушыларқайырымдылықты дәріптеп, ізгілікті қоғамның қалыптасуына өз үлестерін қосты!

 2.png1.png

Мақсаты:
– аналардың қоғамдағы рөлінің маңыздылығын талқылау, олардың отбасындағы және бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсету, аналардың беделін арттыруға бағытталған шараларды ұсыну, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды нығайту арқылы ұрпақ тәрбиесіне оң ықпал ету.

 4.png3.png

30.01.2025ж «Өмірге салауатты қадам» аясында өткізілген іс-шаралар шеңберінде салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күреске арналған маңызды түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.

Бұл күні басты назар «Дұрыс және тиімді тамақтану - денсаулықтың негізі» және «Энергетикалық сусындардың адам ағзасына әсері» тақырыптарына аударылды. №13 СӨС дәрігері Турсинбаева М.Н қатысуымен өткен семинарларда жастарға дұрыс тамақтану принциптері, зиянды тағамдардың денсаулыққа әсері, сондай-ақ энергетикалық сусындардың ағзаға келтіретін зияны туралы айтылды.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын түсіну әрқайсымыз үшін өте маңызды! Дұрыс тамақтану мен жаттығулар денсаулықты сақтаудың негізі болса, есірткіге жол бермеу – қоғамның қауіпсіздігі мен болашағы үшін аса маңызды.

232342342342344.png3245345345345.png