🏆 2–11 сынып оқушылары арасында дойбыдан Республикалық олимпиада өтті
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен
2–11 сынып оқушылары арасында дойбыдан Республикалық олимпиада өтті.
Жарыс Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Дойбы – логикалық ойлау мен зияткерлік қабілетті дамытатын спорт түрі.
Қарапайым ережелерге қарамастан, ол табандылық пен зейінділікті талап етеді.
Бұл ойын оқушылардың ойлау, есте сақтау, елестету және ерікті әрекеттерді басқару қабілеттерін жетілдіреді.
Олимпиада айналмалы жүйе бойынша тартысты өтті.
Үш күнге созылған бұл сайыста еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушылар бақ сынасты.
Мектебіміздің мақтанышы,
5 «Б» сынып оқушысы, дойбыдан Астана құрамасының мүшесі,
спорт шеберіне үміткер Естай Нұрали ерекше өнер көрсетіп,
жүлделі 2-орынға ие болды!
Сонымен қатар, оның жетекшісі —
Исаев Сержан Іздәшұлы
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының
басшылығы тарапынан «2-орын» грамотасымен марапатталды.
Жас дойбышыны және ұстазын шын жүректен құттықтаймыз!
Олардың табандылығы мен еңбегі мектебіміздің мәртебесін арттырды.
Болашақта да биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!