🏆 2–11 сынып оқушылары арасында дойбыдан Республикалық олимпиада өтті
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен
2–11 сынып оқушылары арасында дойбыдан Республикалық олимпиада өтті.
Жарыс Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Дойбы – логикалық ойлау мен зияткерлік қабілетті дамытатын спорт түрі.
Қарапайым ережелерге қарамастан, ол табандылық пен зейінділікті талап етеді.
Бұл ойын оқушылардың ойлау, есте сақтау, елестету және ерікті әрекеттерді басқару қабілеттерін жетілдіреді.
Олимпиада айналмалы жүйе бойынша тартысты өтті.
Үш күнге созылған бұл сайыста еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушылар бақ сынасты.
Мектебіміздің мақтанышы,
5 «Б» сынып оқушысы, дойбыдан Астана құрамасының мүшесі,
спорт шеберіне үміткер Естай Нұрали ерекше өнер көрсетіп,
жүлделі 2-орынға ие болды!
Сонымен қатар, оның жетекшісі —
Исаев Сержан Іздәшұлы
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының
басшылығы тарапынан «2-орын» грамотасымен марапатталды.
Жас дойбышыны және ұстазын шын жүректен құттықтаймыз!
Олардың табандылығы мен еңбегі мектебіміздің мәртебесін арттырды.
Болашақта да биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!
🏆 Жастар мен ересектер арасында "64" шаршылы дойбыдан Қазақстан чемпионаты өтті
Қостанай қаласында жастар мен ересектер арасында өткен
"64" шаршылы дойбыдан Қазақстан чемпионатында еліміздің үздік ойыншылары бас қосып, өзара шеберлік байқасты.
Аталған сайыста мектебіміздің мақтанышы,
5 «Б» сынып оқушысы,
дойбыдан Астана құрамасының мүшесі,
спорт шеберіне үміткер Естай Нұрали
өзін жоғары деңгейде көрсетіп,
екі қола медальдің иегері атанды.
Спортшылар швейцариялық жүйе бойынша жеті тур ойнап, тартысты бәсекеде жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салды.
Нәтижесінде жас спортшымыз мынадай жетістікке қол жеткізді:
• 🥉 Рапид номинациясы бойынша — 3 орын
• 🥉 Блиц номинациясы бойынша — 3 орын
Естай Нұрали — табандылығымен, зеректігімен және шеберлігімен көзге түскен жас спортшы.
Ол жарыс барысында өзіне деген сенімділігі мен жоғары дайындық деңгейін дәлелдей білді.
Мектеп ұжымы мен ұстаздар қауымы дарынды оқушымызды
ел намысын қорғап, биік белестерді бағындырғаны үшін шын жүректен құттықтайды.
Болашағынан зор үміт күттіретін Нұралиге спортта жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!
Сондай-ақ, жас дойбышының жетістігіне үлес қосқан
мектеп басшылығына, сынып жетекшісіне, ата-анасына және жеке жаттықтырушысына алғыс айтамыз.
Астана қаласы әкімдігінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицей» бос жұмыс орындарына байқау жариялайды!
Конкурсқа қатысатын педагогтан талап етілетін құжаттар
Конкурсқа қатысу үшін https://hr-nobd.edu.kz/#/social/vacancies сілтемесіне өтіп, хабарландыруда көрсетілген құжаттарды электронды түрде тіркеу қажет.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 ж. 10-21 қазан аралығында.
Біздің мекенжай: Астана қаласы, Ж.Жирентаев көшесі, 15/2
Байланыс телефоны:
8 (7172) 50 – 16 – 56
электр.пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Конкурсқа қатысатын педагогтан талап етілетін құжаттар
Конкурсқа қатысу үшін https://hr-nobd.edu.kz/#/social/vacancies сілтемесіне өтіп, хабарландыруда көрсетілген құжаттарды электронды түрде тіркеу қажет.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 ж. 09 - 20 қазан аралығында.
Біздің мекенжай: Астана қаласы, Ж.Жирентаев көшесі, 15/2
Байланыс телефоны:
8 (7172) 50 – 16 – 56
электр.пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының негізінде, 2025 жылғы 15-24 қыркүйек аралығында бос лауазымдарға педагогтерді тағайындау бойынша конкурстық комиссиясының шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Астана қаласы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейдің» 2025-2026 оқу жылына бос лауазымдық орынға орналастыру бойынша конкурс өтті деп есептелсін.
2. Бағалау парағында көрсетілген ұпайлардың нәтижелері байқау жеңімпазын жұмысқа қабылдауға негіз болып есептелсін.
3. Төменде көрсетілген үміткер байқаудың жеңімпазы болып есептелсін және жұмысқа қабылдансын:
- Мусабекова Майра Чаркановна - бастауыш сынып мұғалімі;
4. Байқаудың нәтижелері мектеп сайтында, Instagram желісінде жариялансын.
2025 жылдың 2 қазаны күні мектебімізде «Ұстазға алғыс» апталығы аясында «СИҚЫРЛЫ ДАЛАНЫҢ ТАЛАНТТАРЫ» атты педагогтерге арналған оқыту семинары өтті. Семинарды К. Бәйсейітова атындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы, тренер, докторант, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Баянғали Ғалымжанұлы Ғалымжанов жүргізді.
Шараның басты мақсаты - мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау, шығармашылық әлеуетін арттыру және педагогикалық тәжірибені жаңа серпінмен толықтыру болды.