Бүгін: 26.10.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

01.09.2024 жылы 9-11 сынып білім алушылары үшін - “Ой, Арман, Мақсат” тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді.

  • Ойлауды дамыту: Оқушылардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін арттыру.
  • Арман мен мақсаттың маңызы: Оқушыларға армандар мен мақсаттардың өмірдегі рөлін түсіндіру, оларды анықтауға көмектесу.
  • Өзін-өзі тану: Оқушылардың өз мүдделері мен құндылықтарын анықтауға бағыттау, жеке даму жоспарларын құруға ынталандыру.
  • Топтық жұмыс: Командалық жұмыс арқылы қарым-қатынас дағдыларын дамыту, бір-біріне қолдау көрсету.
  • Мотивация: Оқушыларды мақсат қоюға және оларды жүзеге асыруға ынталандыру, табысқа жету жолында еңбектенудің маңызын түсіндіру.

2.jpg - 232.56 kB

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде 01.09.2024  «Мектебім — мейірім мекені» тақырыбында білім күнінің салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиынға ұстаздар қауымымен бірге мектептің бірінші сынып оқушыларының ата-аналары қатысып, білім мекемесінің қызметкерлері мен білім шыңын бағындыруға жол тартқан балғындарымызға ақ жол тіледі.
«Білім күнін» атап өту кезінде Ұстаздар қауымына арналып әсем әндер шырқалып, арнау өлеңдер орындалды. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында білім мекемесінде кезекшілік ұйымдастырылды.

 Мемлекеттік туды көтеру және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесіне сәйкес жүргізілді. Іс-шараға білім баспалдағына алғаш аяқ басқан 175 1-сынып бүлдіршіндері мен 124 бітіруші түлектеріміз — 11-сынып оқушылары қатысты.

Жаңа оқу жылына сәттілік тілейміз!!!

 

1.jpg - 352.08 kB

«…Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындай мен емес бір күнгісін.

Жұрт ұқпаса ұқпасын, жабықпаймын,