2023-2024 оқу жылындағы мектеп жанында өткізілген "HAPPY KIDS" балалардың жазғы ойын-сауық демалыс лагері және "КИЕЛІ МЕКЕНДЕР" археологиялық лагері бойынша I кезең өз мәресіне жетті.
Лагерьде балалардың демалып, сауығып, қосымша білімдерін толықтырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін түрлі үйірмелер жұмыс жасады.
Бүгін мектеп бітіруші жас түлектерге көптен күткен жалпы орта білім беру туралы аттестатты қолдарына табыс еткен күн. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
-2023-2024 оқу жылында 70 оқушы мектеп бітірді.
Мектеп басшысы Әметбеков Ғани Бақытұлы жас түлектерге сәт сапар тілеп, алтын белгі,үздік аттестат иегерлерін және жалпы мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, жалпы орта білім беру туралы аттестатты қолдарына табыстады.
Мектебімізде 9-сынып оқушыларына негізгі орта білім беру туралы куәлікті тапсыру салтанатты жиыны өткізілді. Биыл мектебімізден 159 оқушы жас түлек атанып отыр. Соның ішінде «Үздік куәлік» иесін иеленген 9 «А» сынып оқушысы Қалдыбек Әділет.
25 мамыр күні мектебімізде «Мектебім, саған мың алғыс» тақырыбында мектеп бітіруші түлектердің іс-шарасы өткізілді. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
-2023-2024 оқу жылында 70 оқушы мектеп бітірді.
Мектеп басшысы Әметбеков Ғани Бақытұлы жас түлектерге сәт сапар тілеп, ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтады.
Іс-шарамызға Астана Дарыны, дарынды балалармен талантты жастарды қолдау орталығының бас маманы Құралай Ермековна қатысты.
Мектебімізде 1-11 сынып оқушыларына арналған “Жұлдызды шеру-2024” марапаттау салтанаты өткізілді.
Салтанатты рәсімді мектеп директоры Әметбеков Ғани Бақытұлы құттықтау сөзімен бастап, 2023-2024 оқу жылының нәтижесі бойынша халықаралық, республикалық, қалалық деңгейде жетістікке жетіп, үздік нәтиже көрсеткен оқушыларымызға мектеп атынан алғыс хат жариялады.
Жұлдызды шеруге қамқоршылық кеңес төрағасы Шаяхметов Дамир Рамазанович және кеңес мүшесі Игіман Қуаныш Жомартұлы арнайы қонақ болып,оқушыларымызды марапаттау рәсіміне қатысты.