✨ «Ұлы тұлғалар ізімен: рухани мұрадан болашаққа» ✨
Қазанның 13-і күні мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығы өз шымылдығын түрді! 🎉
Бұл апталық – ұлт руханиятының алтын өзегін танытып, сөз құдіреті мен рух биігін дәріптейтін ерекше мереке.
Ашылу рәсімі ерекше форматта өтті: қазақтың ұлы тұлғалары бейнеленген фотоколлаждар, ұлттық нақыштағы бұйымдар мен безендірулер, ән мен жыр, өрнек пен өнер көріністері көрермен жүрегіне жылылық сыйлады. 🌿
Оқушылар мен мұғалімдер қазақтың асыл мұрасына қатысты түрлі танымдық тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен шығармашылықтарын ортаға салды.
🗓 Аптаның әр күні — бір ұлы тұлғаның есіміне арналмақ:
📘 Ахмет Байтұрсынұлы: Ахмет мұрасы - мәңгілік мұра
📖 Абай Құнанбайұлы: Абай күні - руханият мерекесі
🕯 Міржақып Дулатұлы: “Оян, қазақ!” - мәңгілік ұран
⚔️ Бауыржан Момышұлы: Ұшқан ұя - ұлттың ұлағаты
✍️ Жұбан Молдағалиев: Жұбан жыры - ел жүрегінде
🎶 Шәмші Қалдаяқов: Ән - өмірдің ажары
Әр күн – жаңа рухани кеңістік, жаңа шабыт, жаңа серпіліс! 🌞
Бүгінгі ұрпақ – кеше өткен ұлы тұлғалардың ізін жалғар алтын көпір.
Ұлттың рухани мұрасы – болашақтың темірқазығы.
Сондықтан апталық аясындағы әр іс-шара – тек білім емес, рух пен жүрек сабақтастығының көрінісі. 💫
Бүгін мектебімізде “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында сенбілік жұмыстары өткізілді. Мектеп ауласын тазалап, қоршаған ортаға қамқорлық танытылды. 🌳✨
Мақсат – тазалық пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру, өз ортамызды таза ұстауға үлес қосу.

Бүгін мектебімізде Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ “Астана ветсервис” КМК-ның Қаңғыбас және қараусыз қалған иттер мен мысықтарды аулау бөлімінің ветеринарлық дәрігері Данабеков Рүстем оқушылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қаңғыбас иттермен кездескен жағдайда қалай дұрыс әрекет ету керектігі туралы түсіндірме-алдын алу шаралары жүргізілді.
Мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру. 🐶🐱
Осындай пайдалы кездесулер оқушыларға қауіпсіздік ережелерін есте сақтап, қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
Инклюзивті білім беру – тең мүмкіндік жолы!
Бүгін мектебімізде «Инклюзия: білім берудегі мүмкіндіктер мен тәжірибе» тақырыбында педагог-психологтардың ұйымдастыруымен бастауыш сынып және пән мұғалімдеріне арналған демонстрациялық, тәжірибе алмасу сабағы өтті.
Шара барысында мұғалімдерге инклюзивті білім берудегі заманауи әдіс-тәсілдер таныстырылып, жаңа технологиялармен жабдықталған кабинеттегі құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану жолдары іс жүзінде көрсетілді.
Практикалық бөлімде қатысушылар арнайы құралдармен жұмыс жасап, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдауда қолдануға болатын әдістермен танысты.
✨ Мұндай тәжірибе алмасулар – мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырып, әрбір оқушыға тең мүмкіндік беруге бағытталған маңызды қадам!

Бүгін мектебімізде Ұстаздар күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға 11-сынып оқушылары мен олардың сынып жетекшілері белсене атсалысып, ұстаздарымызға ерекше көңіл күй мен шексіз қуаныш сыйлады.
Ұстаздарымыздың жүзінен қуаныш пен алғыстың нұры байқалды. Бұл — шәкірт жүрегінен шыққан шынайы құрметтің көрінісі!
Барша ұстаздарымызға еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз! Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатын тілейміз!

Бүгін мектебімізде «Ұстазға алғыс» апталығы аясында «СИҚЫРЛЫ ДАЛАНЫҢ ТАЛАНТТАРЫ» атты педагогтерге арналған оқыту семинары өтті. Семинарды К. Бәйсейітова атындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы, тренер, докторант, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері
Баянғали Ғалымжанұлы Ғалымжанов жүргізді.
Шараның басты мақсаты - мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау, шығармашылық әлеуетін арттыру және педагогикалық тәжірибені жаңа серпінмен толықтыру болды.

Бүгін мектебімізде «Ұстаздар күні» мерекесіне орай Дублер күні ұйымдастырылды. Білім мекемесінің бітіруші түлектері - 11-сынып оқушылары бір күнге ұстаздардың орнын алмастырып, мектептің басшылық қызметін атқару, пәндер бойынша сабақтар өту жұмыстарын атқарып, өз білімдерін, жауапкершіліктерін, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Ал ұстаздарымыз керісінше, оқушының орнында отырып сабаққа қатысып, мектеп өмірінің естелікке толы кезеңдерін еске алып, сағынышты уақыттарын сезінді. 🎓📚
Бұл күн — ұстаз бен оқушы арасындағы тығыз байланысты, өзара түсіністік пен құрметті арттырған тамаша тәжірибе болды.
Ұстаз болу — үлкен жауапкершілік пен жанкешті еңбекті талап ететін асыл мамандық екенін бәріміз тағы да бір сезіндік!

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде “Адал Азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мұғалімдер арасында спорттың Кіші футбол түрінен турнир ұйымдастырылды. Іс-шара барысында, сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі мен Астана қаласы әкімдігінің «№8 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» арасында ынтымақтастық меморандумы бекітіліп, жаңа белестерді бірге бағындыру жұмыстары бастау алды.
Мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты - педагогтар арасындағы өзара ынтымақтастық пен достықты нығайту, ұстаздардың кәсіби еңбегін бағалау және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылды.
Турнирге білім беру ұйымдарында қызмет ететін ер мұғалімдерден құралған 6 команда қатысты. Турнир шеңберлік жүйе (әр команда барлық қарсыластарымен кездеседі) бойынша өткізіліп, ойындар тартысты әрі қызықты ұйымдастырылды. Мұғалімдер өздерінің спорттық шеберлігін, командалық рухын және жоғары ынтымақтастығын көрсетті. Көрермендер қатарында әріптестер, оқушылар және ата-аналар болды. Барлық ойындар әділ төрешілікпен өтті.
Турнир қорытындысы бойынша төмендегідей нәтижелер анықталды:
І орын: Шерхан Мұртаза атындағы №63 мектеп-гимназтясы;
ІІ орын: Темірбек Жүргенов атындағы № 70 мектеп-лицейі;
ІІІ орын: Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі.
Барлық жүлдегерлерге кубок, медаль және дипломдар табысталды.
Футбол турнирі – ұстаздардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, оларды бірлікке, салауатты өмір салтына баулудың нақты үлгісі болды. Осындай шаралар мұғалімдердің кәсіби мерекесіне серпін беріп, ұжымдар арасындағы байланыс пен достықты нығайтатыны анық.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті. Алдағы уақытта мұндай спорттық бастамалар дәстүрлі түрде жалғасын табады деген сенімдеміз.
🥉 5–6-сынып оқушылары мектепаралық жарыста 3-орынға ие болды.
Жаттықтырушысы — Қабыланбеков Нұршайық. 👏
🥉 7–8-сынып оқушылары да өз шеберліктерін көрсетіп, 3-орынға табан тіреді.
Жаттықтырушысы — Жанибек Мұратұлы. 👏
🏅 Ал 8 «А» сынып оқушысы Айтмұхаммед «Үздік қорғаушы» номинациясымен марапатталды! 🔥
Бұл жеңіс — оқушыларымыздың еңбекқорлығы мен бапкерлердің еңбегінің жемісі!
⚽️ Спортпен шұғылданып, жаңа биіктерге жете беріңіздер!

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің мұғалімдер мен оқушылары «1 қазан - Қарттар күніне” орай Астана қаласындағы “Жанашыр” қарттар үйіне барып, қарттарымызды құттықтап қайтты.
Оқушылардың Қарттар үйіне баруы – өте маңызды және тәрбиелік мәні зор оқиға. Мұндай іс-шаралар жастардың үлкендерге деген құрметін арттырып, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады.
Іс-шара мақсаты:
1. Қарттарға құрмет көрсету, көңіл бөлу;
2. Оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу;
3. Үлкендермен тілдесу арқылы рухани тәрбие беру.
Іс-шара өте жылы әрі әсерлі өтті. Ұстаздар мен білім алушылар қарияларға өз құттықтауларын арнап, ән, күй өнерлерімен көңілдерін көтеріп, сый-сияпаттарын табыстады. Қарттар оқушылардың көңіл бөлгеніне риза болып, алғыстарын білдірді. Оқушылар үлкен кісілермен сөйлесіп, өмірлік тәжірибе алды. Мұндай кездесулер жас өркеннің бойында мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерді дамытуға ықпал етті.
PS: ҚР азаматтарының құқықтық мүдделерін қорғау заңдарына орай қарттар үйіндегі тұрғындардың фото-бейнематериалдарын жарияламау талабы сақталды
