Бүгін: 07.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен  2024 жылдың 4,5 қаңтар күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың ІІІ (қалалық) кезеңі өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша мектеп жеңімпаздары мен олардың ұстаздарын құттықтаймыз!

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының негізінде, 2024 жылғы 05 қаңтардағы бос лауазымдарға педагогтерді тағайындау бойынша конкурстық комиссиясының шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Астана қаласы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейдің» 2023-2024 оқу жылына бос жұмыс орынға орналастыру бойынша конкурс өтті деп есептелсін.
Бағалау парағында көрсетілген ұпайлардың нәтижелері байқау жеңімпазын жұмысқа қабылдауға негіз болып есептелсін.
Төменде көрсетілген педагог-ассистент лауазымына үміткер байқаудың жеңімпазы болып есептелсін және жұмысқа қабылдансын:
Каркабатова Лилиана Мажитовна.
Үміткерлердің тапсырған құжаттары 1 жыл кадр резервінде сақталсын.

Халықаралық «INFOMATRIX-ASIA 2023» компьютерлік жобалар байқауына мектебіміздің 8 «б» сынып оқушысы Смаилова Альбина жоғары деңгейдегі жоба дайындап, қатысқаны үшін сертификат иеленді. Ғылыми жетекшісі Айнұр Секенқызы. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «INFOMATRIX-ASIA» халықаралық байқауына 4 мемлекеттен 184 жобамен 450 оқушы қатысты. Жарыс ағылшын тілінде жүргізілді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

8-11 сыныпқа арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша 6 оқушы жүлдегер атанды.