Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен «Пәннің үздік мұғалімі» пән педагогтеріне арналған қалалық олимпиада өткізілді. Олимпиада қортындысында 2 мұғалім - ІІ дәрежелі Диломмен, музыка пәні мұғалімі Амирова Г, информатика пәні мұғалімі Умирзаков Н және 4 мұғалім- ІІІ дәрежелі Дипломмен, орыс тілі пәні мұғалімі Тажбаев Р, биология пәні мұғалімі Тохсан Д, география пәні мұғалімі Нурумова Г, физика пәні Туртаева Н марапатталды. Өз пәнінің шебер, майталман педагогтерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 25 қарашада 5-7 сынып оқушылары арасында Республикалық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық конкурсының қалалық кезеңі өтті. Конкурстың мақсаты: оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық деңгейін көтеру, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, балалардың фундаменталды және қолданбалы ғылымға қызығушылығын ынталандыру.