Бүгін: 07.06.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2023 жылдың 13 қазан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған елордалық білім беру ұйымдары педагогтерінің арасында республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Байқауға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдің физика пәні мұғалімі Хонорбай Анаргуль қатысып, грамота иеленді. Үздік авторлық әдістемесімен бөліскен әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз! Зерттеушілік ізденіс пен шығармашылық табыс тілейміз!

 

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ халқының ең ұлы билерінің бірі Төле би Әлібекұлының туғанына 360 жыл толып отыр.

 Ұлттық сөз өнері тарихында билердің бірегейі, ақыл – ойдың телегейі Төле бидің 360 жылдығына арналған «Шешендік өнер – рухани асыл қазынамыз» атты Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі Алматы ауданының мектеп оқушылары арасында  қалалық шешендік өнер сайысын өткізді.

«Ахмет» пікір сайыс клубының жетекшісі  А.Сапарғалидың ұйымдастырумен "Ата-ана ұлағаты-ұрпаққа аманат" атты іс-шара аясында "Бізге қарттар үйі қажетпе?" деген тақырыпта пікір сайыс өткізілді. Жоғарыда аталған тақырыпқа клуб мүшелері екі топқа бөлініп өз позицияларын таңыстырды. Пікір сайыстың басты мақсаты оқушылардың бойында жақынға деген жанашырлық сезімін ұлғайтып, үлкенге құрмет көрсете білуге баулу.