Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде, сәуірдің 13 жұлдызы күні мектеп музейінде 4 сынып оқушылар арасында "Ахмет оқулары" атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Оқу сайысының мақсаты халықтың жүрегінен орын алған қоғам қайраткері, ғалым, ұлы ұстаз, асыл тұлға- Ахмет Байтұрсынұлының тарихтағы баға жетпес орнын паш ету, насихаттау, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқуға үйрету.
Сәуірдің 7-жұлдызы күні 1"б" сынып оқушыларымен А.Байтұрсынұлы музейінде "Сөз зергері-Ахмет" атты тағылым сабағы өтті.
Бүгін, 4 сәуір Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлескен меморандум аясында Жаратылыстану кафедрасы оқытушылары мен студенттері және мектеп оқушылары қатысқан қатысқан «Бейорганикалық химияның теориялық негіздері оқулары» атты ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
Астана қаласының №86 мектеп-гимназиясы базасында 2023 жылдың 24 наурыз күні 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың «Зерде» ұлттық конкурсы республикалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдің 3 «Б» сынып оқушысы Фазылхан Ахан Зеилханұлы «Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының бастауыш сынып оқулықтарында берілу сипаты» тақырыбында зерттеу жұмысымен қатысып, республикадан жүлделі І орын иеленді.
Балалар мен жасөспірімдер арасында ХVI «Шаттық – 2023» ашық шығармашылық қалалық байқауында аспапта орындау (соло) жанры бойынша 10 «Ә» сынып оқушысы Кеңесбай Дильназ АЛТЫН МЕДАЛЬ иеленді.